Кадрлық өзгеріс Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбайдың шешімімен жүзеге асқан.
Ақтау қаласының әкімі қызметіне Мақсат Асқарұлы Мұқаш тағайындалды, деп хабарлайды kznews.kz.
Мақсат Мұқаш 1991 жылы 24 қазанда Маңғыстау облысының Жаңаөзен қаласында дүниеге келген. Оның үш жоғары білімі бар. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде «Дене шынықтыру және спорт», М.С. Нәрікбаев атындағы ҚАЗГЗУ университетінде «Құқықтану», ал Esil University-де «Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандықтарын меңгерген.
Ол еңбек жолын 2013 жылы білім беру және спорт саласында бастаған. Кейін балалар мен жасөспірімдер спорт мектептерінде түрлі басшылық қызметтер атқарған. 2018–2019 жылдары Жаңаөзен қаласындағы Қызылсай елді мекенінің №3 балалар мен жасөспірімдер спорт мектебін басқарса, 2019–2023 жылдары Жаңаөзен қаласындағы №1 балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің директоры болды.
Мақсат Мұқаштың мемлекеттік басқару саласындағы қызметі де осы кезеңде қатар дамыған. 2021–2023 жылдары Жаңаөзен қалалық мәслихатының VII шақырылым депутаты болды. Ал 2023 жылдың маусым-қазан айларында Маңғыстау облысы әкімінің көмекшісі қызметін атқарды.
2023 жылдың қазан айынан бастап Маңғыстау облысының дене шынықтыру және спорт басқармасын басқарды. Бұл қызметте ол өңірдегі спорт инфрақұрылымын дамытуға, бұқаралық және ұлттық спорт түрлерін қолдауға бағытталған жұмыстарға қатысты. Ақтауда өткен республикалық және халықаралық жарыстарда басқарма басшысы ретінде бірнеше рет сөз сөйлеген.
2025 жылғы 22 желтоқсанда Мақсат Мұқаш Жаңаөзен қаласы әкімінің орынбасары болып тағайындалды. Бұл қызметке келген кезде оның білім беру, спорт, мемлекеттік басқару және жергілікті өкілді органдағы тәжірибесі ескерілді.