Банктерде 52 триллион теңге бар: Тоқаев бұл қаржы енді экономикаға жұмыс істеуі керек деп санайды
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
ҚР, Астана қаласы, Әбікен Бектұров көшесі, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

АҚШ Гренландия мұнайына көз тікті

АҚШ Гренландия мұнайына көз тікті
фото: ашық дереккөз

Greenland Energy команиясы 2027 жылы Гренландияның шығысында алғашқы мұнай ұңғымасын бұрғылауға рұқсат алуға дайындалып жатыр, деп хабарлайды Kazinform агенттігінің меншікті тілшісі FOX Business басылымына сілтеме жасап.

АҚШ компаниясы британдық 80 Mile компаниясымен бірлесіп, Гренландиядағы ірі мұнай кен орнын игеруге кірісуі мүмкін, деп хабарлайды kznews.kz

Гренландия үкіметі мұнай өндірудің экологияға әсеріне алаңдап, 2021 жылы мұнай мен газ өндіруге жаңа рұқсат беруді тоқтатты. Бұған дейін берілген лицензиялар күшінде, алайда өндіру үшін үкіметтің қосымша рұқсаты қажет.

Гренландияның Кәсіпкерлік және минералдық ресурстар министрлігінің мәліметінше, 80 Mile компаниясына тиесілі White Flame Energy 2015 жылы екі, ал 2018 жылы Гренландияның шығысындағы Джеймсон-Ленд аумағында мұнайды барлау және өндіру үшін үшінші рұқсат алған. Ал Greenland Energy компаниясы жобаға инвестор әрі оператор ретінде қатысу үшін британдық компаниямен серіктестік орнатты.

Greenland Energy компаниясының бас директоры Роберт Прайстың айтуынша, тәуелсіз инженерлік есеп бойынша, бұрғылау жоспарланған аумақта 13 млрд баррельге дейін мұнай қоры болуы мүмкін.

Прайстың сөзінше, АҚШ-тың шетелден мұнай жеткізуге тәуелді болмауы үшін саяси байланысы жақын елдерден жаңа мұнай көздерін іздеу қажет.

Ал Гренландия үкіметінің мәліметінше, Jameson Land жобасы әлі барлау сатысында. Қоғам мен қоршаған ортаға әсерін бағалау құжаттары мақұлданғаннан кейін ғана бұрғылауға кірісуге болады.

Бұған дейін АҚШ, Дания және Гренландия Вашингтонның аралдағы әскери мүмкіндіктерін едәуір арттыруға және АҚШ қарсыластарының онда әскери база салуына жол бермеуге қатысты келісімге келгені хабарланған болатын.

Автор
Айгерім Асылова

Айгерім Асылова – Kznews.kz сайтының тілшісі. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі, республикалық порталдарда жұмыс тәжірибесі бар журналист.