KZNEWS.KZ
Саясат

Ақорда ҰҚК басшысы Сағымбаевтың қызметінен босатылуына қатысты мәлімдеме жасады

• Жарқын Омаров
Фото: ҰҚК

Оның айтуынша, Ермек Сағымбаев басқа жұмысқа ауысуына байланысты қызметінен босатылған. Сонымен қатар, бұл шешім арнайы қызметті реформалау міндетіне орай басқарушы құрамды жаңарту қажеттігінен туындаған.

«Ермек Сағымбаевты қызметінен босату туралы шешім қабылдағанда Мемлекет басшысы сыбайлас жемқорлық оқиғасына қатысы бар адамдардың ұсталуын да ескерді. Президенттің пікірінше, күштік құрылымдар бірқатар қателікке жол берген. Осыған байланысты Ішкі істер министрі Ержан Сәденовке де тәртіптік жаза жарияланды», – деді Айбек Смадияров.

Баспасөз хатшысының сөзінше, «Самұрық-Қазына» қоры мен «Қазақстан темір жолы» басшыларына қатысты істің сыбайлас жемқорлық сипаты күмән тудырмайды.

«Бұл тергеу әрекеттері кезінде іске қатысы бар адамдардың әрекеттерімен расталды. Президент жүргізіліп жатқан тергеу туралы әуел бастан хабардар болды. Оның сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі ұстанымы өзгермейді және берік», – деп мәлімдеді ол.

Сондай-ақ осы күні Мемлекет басшысы Ішкі істер министрлігінің басшылық құрамымен жұмыс кеңесін өткізген.

Жиында Президент полиция қызметкерлерінің қызметтік тәртібін нығайтып, кәсіби даярлығын арттыруды тапсырды. Сондай-ақ қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету кезінде «Заң мен тәртіп» қағидатын басшылыққа алуды ескертті.

Бұдан бөлек, Ішкі істер министрі Ержан Сәденовке полицияның қатардағы және офицерлік құрамымен тәрбие жұмысын күшейту қажеттігі айтылды.

Жарқын Омаров
C.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің Журналистика факультетінің түлегі. Журналистика саласында 20 жылдан бері еңбек етіп келеді. Салал...
Автордың басқа материалдары →