KZNEWS.KZ
Әлеумет

Ақмола облысында шахтадан 2 адамның мәйіті табылды

• Жарқын Омаров
ашық дереккөз

Ақмола облысы полиция департаментінің мәліметінше, оқиғаға байланысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.

«Алдын ала мәлімет бойынша, қаза тапқандар нысан аумағына заңсыз кірген. Қазір оқиғаның мән-жайын анықтау үшін қажетті тергеу амалдары жүргізіліп жатыр», – деп хабарлады полиция өкілдері.

Полицияның дерегінше, жыл басынан бері Степногор қаласында Қазақстанның Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 506-бабы («Күзетілетін нысандарға заңсыз кіру») бойынша 322 адам жауапкершілікке тартылған.

Сонымен қатар, осы кезеңде жергілікті шахталарда тоғыз адам қаза тапқан.

Жарқын Омаров
C.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің Журналистика факультетінің түлегі. Журналистика саласында 20 жылдан бері еңбек етіп келеді. Салал...
Автордың басқа материалдары →