KZNEWS.KZ
Жаңалықтар

Ақмола облысында қызметтік міндетін атқарып жүрген полицей жол апатынан қаза тапты

• Азамат Қойшығара
Видеодан алынған скрин

Ақмола облысында қызметтік міндетін атқару кезінде жол апатына ұшыраған полиция капитаны Данияр Таев көз жұмды, деп хабарлайды kznews.kz

Алдын ала мәлімет бойынша, JAC маркалы пикаптың жүргізушісі жылдамдықты асырып, қауіпсіз арақашықтықты сақтамаған. Соның салдарынан полиция көлігімен соқтығысқан.

Жол апатынан ауыр жарақат алған полиция қызметкері ауруханаға жеткізілген. Алайда дәрігерлер оның өмірін сақтап қала алмады.

Оқиғаға байланысты қылмыстық іс қозғалды. JAC көлігінің жүргізушісі ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Қазіргі уақытта жол-көлік оқиғасының барлық мән-жайын анықтауға бағытталған тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Азамат Қойшығара
М.Х.Дулати атындағы ТарМУ түлегі. Журналистика саласында 16 жылдан бері еңбек етіп келеді. Аймақтық, салалық, республикалық басылымдарда, интернет-порталдарда т...
Автордың басқа материалдары →