6,5 трлн теңгенің бағы мен соры: Ұлттық қордың қаржысы қайда жұмсалады?
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
ҚР, Астана қаласы, Әбікен Бектұров көшесі, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Астана – Петропавл тасжолындағы жол апатынан зардап шеккен полицей қайтыс болды

Астана – Петропавл тасжолындағы жол апатынан зардап шеккен полицей қайтыс болды
Данияр Таев. Фото: Ақмола облысы ПД

Ақмола облысында қызметтік міндетін атқару кезінде жол апатына ұшыраған полиция капитаны Данияр Таев ауруханада көз жұмды. Дәрігерлер оның өмірін сақтап қалуға тырысқанымен, алған жарақаттары тым ауыр болған.

Қайғылы хабарды 4 қараша күні Ақмола облыстық Полиция департаменті растады.

Еске салайық, жол-көлік оқиғасы 3 қарашада Астана – Петропавл тасжолында болған. Данияр Таев сол күні жол жөндеу жұмыстарына тартылған арнайы техниканы алып жүріп, жол қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз етіп жатқан.

Патрульдік көлікке пикап соғылған

Полицияның алдын ала мәліметінше, JAC маркалы автокөліктің жүргізушісі жылдамдық режимі мен қауіпсіз арақашықтықты сақтамай, патрульдік полицияның қызметтік көлігімен соқтығысқан.

Соққы салдарынан полиция капитаны ауыр жарақат алып, шұғыл түрде ауруханаға жеткізілген.

"Жол апаты салдарынан қызметкер ауыр жарақат алып, ауруханаға жатқызылды. Өкінішке қарай, оның өмірін сақтап қалу мүмкін болмады", – деп хабарлады Ақмола облыстық Полиция департаменті.

Дәрігерлер полицейдің өмірін сақтап қала алмады

Ақмола облыстық Денсаулық сақтау басқармасы полиция қызметкерінің жағдайы ауруханаға түскен сәттен бастап өте ауыр болғанын мәлімдеді.

Медицина мамандары қажетті реанимациялық шараларды жүргізген. Алайда көрсетілген көмекке қарамастан, Данияр Таев 4 қарашада көз жұмған.

Дәрігерлердің мәліметінше, оның өліміне өмірімен үйлеспейтін ауыр жарақаттар себеп болған.

JAC жүргізушісі ұсталды

Полиция жол апатына қатысты қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады.

JAC автокөлігінің жүргізушісі ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалған.

Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп, жол апатының барлық мән-жайы анықталып жатыр.

Жүргізушінің әрекетіне түпкілікті құқықтық баға тергеу мен сот нәтижесінде беріледі.

ІІМ марқұмның отбасына көңіл айтты

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің басшылығы мен жеке құрамы қызметтік міндетін атқару кезінде қаза тапқан әріптесінің отбасына қайғыра көңіл айтты.

"Ішкі істер министрлігінің басшылығы мен жеке құрамы қаза тапқан қызметкердің отбасы мен жақындарына көңіл айтады", – делінген ведомство хабарламасында.

Автор
Қайсар Қанат

Журналист. Блогер. Фрилансер