«Нәтиже болмаса қоштасамыз»: Бектенов Kazakh Tourism басшысына ескерту жасады
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Әкімдер бұдан былай AMANAT партиясында қызмет атқармайды

Әкімдер бұдан былай AMANAT партиясында қызмет атқармайды
Әкімдер бұдан былай AMANAT партиясында ешқандай лауазым иеленбейді.

AMANAT-тың өңірлік және аумақтық филиалдарында партиялық конференциялар өтті.

Күн тәртібінде өңірлік филиалдардың биылғы 10 айдағы жұмысын қорытындылау, сондай-ақ әкімдерді филиал төрағасы қызметінен босату мәселесі қаралды.

Биыл наурызда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында әкімдер мен олардың орынбасарларына партия филиалдарында лауазым иеленуге заң жүзінде тыйым салу қажет екенін мәлімдеді.

Қарашаның басында заңнамалық актілерге тиісті түзетулер енгізілді.

Конференция қорытындысы бойынша, барлық деңгейдегі әкімдер бұдан былай AMANAT партиясының облыстық, қалалық және аудандық филиалдарының төрағасы лауазымын атқармайды.

Партияның тиісті филиалдарындағы саяси кеңес бюросы мен саяси кеңестерінің құрамына кірмейді.

«Бұл шара ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев жариялаған саяси реформалар бағытын іске асырудың қисынды жалғасы саналады. Бұл қадам партиялық бәсекелестікке серпін беретініне сенімдіміз. Әсіресе, Мәжіліс пен барлық деңгейдегі мәслихаттарда өтетін алдағы сайлау аясында бұл шешім өте өзекті», - деп атап өтті AMANAT партиясының атқарушы хатшысы Асхат Оралов.
Автор
Нұрсұлтан