KZNews.kz
Жаңалықтар

"Әкесінің көшірмесі ғой": Желіде Асанәлі Әшімовтің кіші ұлының суреті тарады (ФОТО)

Қайсар Қанат
ашық дереккөзден

Қазақстанның Халық әртісі, аңыз актер Асанәлі Әшімовтің кенже ұлының суреті әлеуметтік желіде қызу талқыланып жатыр, деп хабарлайды kznews.kz.

Белгілі актердің жұбайы Бағдат Әшімова Instagram парақшасында Абу-Дабиден жаңа сурет жүктеп, жазба астына:

"БАӘ. Абу-Даби. Әр күніміз сәттілікке толы болсын", – деп жазған.

Желі қолданушылары суреттегі баланың кім екенін білуге құмартып, пікір қалдыруға асықты. Көпшілігі бұл — Асанәлі Әшімовтің кіші баласы болуы мүмкін екенін жазды.

Желі қолданушыларынан келген пікірлердің бір бөлігі: "Ортадағы бала кім, немересі ме?", "Баласы болуы керек", "Ақын ағамыздың немерелері де өсіп қалған шығар, көргіміз келеді", "Әкесінің көшірмесі екен", "Асанәлі ағамызға мықты денсаулық, ұзақ ғұмыр тілейміз", "Балапан аман болсын, қызығын көрсін".

Қайсар Қанат
Автордың басқа материалдары