Шикізат шырмауынан шығуға жанталас: агроөнеркәсіп кешенінің дамуына не кедергі?
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

“Әкелеріне өкпелері бар екен” - Қабатовтың балалары ағыл-тегіл жылаған видеолары тарады (ВИДЕО)

“Әкелеріне өкпелері бар екен” - Қабатовтың балалары ағыл-тегіл жылаған видеолары тарады (ВИДЕО)
Фото: sn.kz

Танымал әзілкеш Тұрсынбек Қабатовтың экс-әйелі Мөлдір Мұқан өзінің желідегі парақшасына жантебірентер видео жариялады, деп хабарлайды kznews.kz.

Бұл туралы Skifnews.kz ақпарат порталы жазды.

Видеода балалар анасына өз қолдауларын білдіріп, жылап қалғандары байқалады. 

"Қазір бір-бірімізге қатты мұқтажбыз. Жылы сөзімізбен, махаббатымызбен бір-бірімізді емдеп жүрміз. Осындай өзіммен қатар өскен ақылдары дария балаларым барда енді қиналмайтын сияқтымын…

Балалардың не айтқанын салайын ба?", - деп жазды ол. 

Әрқайсысы аналары мен бауырларына жылы сөздерін арнаған.

"Мама, өмірге әкелегеніңізге, бар болғаныңызға рахмет. Біз сізді қатты жақсы көреміз. Сіздің біз үшін еңбек етіп, уайымдап жүргеніңізді білеміз. Киноңыз сәтті болсын. Бізді әрқашан қуантып жүретініңіз үшін рахмет!", - деді олар.  

Ерекше сәт оқырмандардың да жүректерін елжіретті. 

"Оларда шынайы эмоция, өтірік жылай алмайды ғой жандарым, жүректерінен анасын ойлаған", "Баға жетпес байлығын тастап, қалың орманын тастап мықтап адаскан екен бұл азамат", "Әкелеріне өкпелері бар екені , анық көрініп тұр. Жаным үлкен ұл солқылдап жылап отыр", "Сіз – нағыз мықты анасыз!", "Өзегім өртеніп барады...", - деп жазды олар. 

Автор
Айжан Сыланова

2023 жылдан бастап Kznews.kz сайтында тілші қызметін атқарады. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі. Аймақтық және интернет-басылымдарда еңбек өтілі бар.