KZNEWS.KZ
Жаңалықтар

Ақбаян Мұқанғалиеваның қазіргі жағдайы белгілі болды

• Қайсар Қанат
Ақбаян Мұқанғалиева. Фото-коллаж: Ozgeris.info

Ozgeris.info жазуынша, әлеуметтік желіде оның видеолары жарияланып, көпшіліктің назарын аударған.

Туыстарының айтуынша, Ақбаянның қалыпты өмірге қайта бейімделуі үшін әлі де тұрақты қолдау мен ем қажет.

"Бұрын Ақбаян сот орындаушысының көмекшісі болған. Тағдыр тәлкегімен бәрінен айырылған бауырым-ай. Бәріне қайта баулу оңай жұмыс емес", – делінген видеодағы жазбада.

Ақбаян Мұқанғалиева емдеу мекемесінен шыққаннан кейін бес баласымен қауышқан.

Қазіргі уақытта ол туыстарының қарауында және ем қабылдауын жалғастырып жатыр.

Қайсар Қанат
Журналист. Блогер. Фрилансер
Автордың басқа материалдары →