Шымкенттегі қанды жан-жалға күдіктілердің бір тобы ұсталды: қалғандарын іздестіру жалғасуда (видео)
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

"Айжұлдызды көргендей болдым": Жанар Айжанова 35 жыл бұрынғы видеосын бөлісті (видео)

"Айжұлдызды көргендей болдым": Жанар Айжанова 35 жыл бұрынғы видеосын бөлісті (видео)

Отандық танымал әнші, актриса Жанар Айжанова желіде 35 жылдық тарихы бар видеосын бөлісті. Өнер иесінің жас кезіндегі естелігі желідегілерді сүйсінтті, деп жазады Kznews.kz тілшісі. 

Видеода ұлттық киім киген Жанар Айжанованың домбырамен "Сары жез құмған-ай" әнін орындайды. "35 жыл бұрынғы Жанар. Сол кезде көрген адам "Құдай-ай, бала екенсің ғой" деп өбектеп жататын. Мен өзімше, үлкен адам секілді жүретінмін. Қазір қарап отырып күлемін. Қайран уақыт! Қалай зымырап өте шықтың?", - деп жазды Жанар Айжанова Instagram парақшасында. Ал желі қолданушылары әншінің дауысының ерекшелігін айтып, Жанар Айжановаға еліктеген уақытты еске алды. "Сол кездер керемет еді", "Дауысы керемет еді", "Сол кезде теледидардан көріп, амандығыңызды тілеп отыратынбыз", "Айжұлдызды көргендей болдым", "Дауысыңыз ерекше ғой", "Сізге еліктеуге тырысатын едік", - деп жазды желідегілер.

Автор
Әлихан