“Жұбайымды шәкіртіме әйелдікке бердім” деген тұрғын жауапкершілікке тартылды
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Аймағамбетов пен Сапарбаев коронавирус тестінен өтті

Аймағамбетов пен Сапарбаев коронавирус тестінен өтті

Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов коронавирусқа тест тапсырды.

«Білім және ғылым министрі COVID-19 тестінен өтті. Нәтижесі теріс. Асхат Қанатұлы жақсы жұмыс істеп жатыр, алайда, бекітілген ережелерге сәйкес ол оқшауланып, қашықтан жұмыс істейді», - деді министрлік.

Сондай-ақ, Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев коронавирус тестінен өтті. Нәтиже теріс болды. Әкім оқшаулануда, алайда бейнеконференция режимінде кесте бойынша жұмысын жалғастыруда.

Еске салайық, 12 маусымда премьер-министр Асқар Мамин Жамбыл облысына жұмыс сапарымен барып, оған денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов, Аймағамбетов және Сапарбаев еріп жүрді.

14 маусымда Біртанов өз парақшасында коронавирус инфекциясын жұқтырғаны туралы хабарлады. Ауру белгілерінің болуына байланысты ол жұқпалы аурулар ауруханасына жатқызылды.

Автор
Айбар