Серік Сәпиев пен Дәурен Есімханов қызметінен өз еркімен кетті
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Әйелі 5 баланы бір-ақ туған азамат мемлекеттен пәтер беруді өтінді

Әйелі 5 баланы бір-ақ туған азамат мемлекеттен пәтер беруді өтінді

Тәжікстанда Жаңа жыл алдында дүниеге келген бесемнің әкесі Рахмон Нурмуродов билікке қайрылып, отбасына Душанбеден пәтер беруін сұрады.



Бесем — екі ұл және үш қыз бір апта бұрын Душанбе перзентханаларының бірінде дүниеге келді. Олардың ата-анасы электр жарығы және жылуы жоқ ауылда сәбилердің жағдайын жасау қиынға соғатынын айтады.

"Ауылдағы үйімізде жағдай жоқ. Бұдан бөлек екі балам бар, ата-анам және туыстарыммен бірге тұрамын. Мен Душанбе қалалық кеңесінен және әкімнен пәтер беруін сұрадым. Бұл балалар үшін жақсы сыйлық болмақ", — дейді Нурмуродов.

Ол осыған дейін отбасын Ресейде жұмыс істеп бағып келгенін, бірақ қазір шекаралар жабылғаннан бері жұмыссыз отырғанын айтты.

Нурмуродовтар отбасы тұратын Хатлон облысының билігі оларға арнап Кубодиён ауданында үш бөлмелі жаңа үй салып беріп жатқанын жеткізді.

"Осыған дейін отбасына материалдық көмек берілді. Қазір құрылысшылар олардың ауласынан үш бөлмелі үйдің жоспарын жүргізіп жатыр. Үй үш бөлмеден тұрады, моншасы, асханасы болады", — деді әкімшіліктің баспасөз хатшысы Носирджон Маъмурзода.

2015 жылы дүниеге келген төртемнің ана-анасына Душанбе қаласынан үш бөлмелі пәтер берілген.


Автор
Айбар