ШҚО-да тағы да шу: Білім сапасын қадағалайтын басшының былығы ашылды
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Айдалаға апарып, шешіндірген: Шығыс Қазақстанда ер адам 8 жасар қызды зорламақ болды

Айдалаға апарып, шешіндірген: Шығыс Қазақстанда ер адам 8 жасар қызды зорламақ болды

Судья азғынды 15 жылға бас бостандығынан айырып, химиялық піштіруге үкім шығарды

Шығыс Қазақстанда 8 жасар қызды айдалаға апарып, зорламақ болған ер адамға үкім шықты, деп хабарлайды YK-news.kz.

ШҚО қылмыстық істер бойынша мамандандырылған ауданаралық сотының мәліметінше, қылмыс 2018 жылдың 11 қыркүйегінде Үржар ауылында болған.

"Мас ер адам 8 жасар қызды зорлау үшін айдалаға алып барған", - деп хабарлады соттың баспасөз қызметі. Қыз баланың айғайлаған дауысын ауыл тұрғындары есітіпті. Үш ер азамат – Архат пен Мерхат Жақмановтар, Тоқтарғазы Қайрақпаев көмекке ұмтылып, азғынның арам ойын іске асыруға жол бермеді.

"Азаматтардың қырағылығының арқасында бүлдіршін зорлық-зомбылықтан аман қалып, қылмыс жасамақ болған ер адам 15 жылға бас бостандығынан айырылды. Сонымен қатар оны маскүнемдіктен мәжбүрлі түрде емдеуге және химиялық піштіруге үкім шықты", - делінген хабарламада.

Үкім әлі заңды күшіне енбеген. Сот әкімдікке қызды құтқарған азаматтарды марапаттауға кеңес берді.
Sputnik
Автор
Мадияр