KZNEWS.KZ
Жаңалықтар

“Айына 400-500 мың доллар таптық”: Мәсімовтың экс-күйеу баласы бар швндығымен бөлісті

• Айжан Сыланова
Фото: ашық дереккөз

ҰҚК-нің бұрынғы төрағасы Кәрім Мәсімовтің бұрынғы күйеу баласы, кәсіпкер Азамат Капенов экс-жұбайы Тамилламен танысу тарихын және сол кездегі табысы туралы айтты, деп хабарлайды kznews.kz.

Капеновтің сөзінше, екеуінің таныстығы Астанадағы «Алаша» мейрамханасында басталған. Ол қыздарға телефон нөмірін майлыққа жазып жіберген. Кейін Тамилланың өзі хабарласып, кездесуді ұсынған. Алайда кәсіпкер сол кезде оның Кәрім Мәсімовтің қызы екенін білмеген.

Сұхбатта Капенов сол кезеңде өзі басқарған компания Ресейдің «Башнефть» кәсіпорнымен келісімшарт жасап, Қазақстанға бензин жеткізгенін айтты. Оның мәлімдеуінше, бизнестен ай сайын 400–500 мың доллар таза пайда түскен. Бұл сома тәуелсіз дереккөздермен расталмаған.

Кәсіпкердің айтуынша, Кәрім Мәсімов бастапқыда олардың некесіне қарсы болған. Кейін ерлі-зайыптылардың отбасылық қарым-қатынасы даулы жағдайларға ұласқан.

Айжан Сыланова
2023 жылдан бастап Kznews.kz сайтында тілші қызметін атқарады. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі. Аймақтық және интернет-басылымдарда еңбек өтілі бар.
Автордың басқа материалдары →