"Мұғалімдерге негізсіз қысым жасауға болмайды": Оқу-ағарту министрі мәлімдеме жасады
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
ҚР, Астана қаласы, Әбікен Бектұров көшесі, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Қазақстанның танымал актері көз жұмды

Қазақстанның танымал актері көз жұмды
Фото: ашық дереккөз

Қаралы хабарды Жұмат Шанин атындағы Шымкент қалалық академиялық қазақ драма театры жеткізді.

Қазақ өнерінің көрнекті өкілі, актер Мұқан Шакиров 81 жасында өмірден өтті, деп хабарлайды kznews.kz.

Мұқан Шакиров 1945 жылы Отырар ауданының Балтакөл ауылында дүниеге келген. Құрманғазы атындағы Алматы мемлекеттік консерваториясын тәмамдаған соң, Алматы, Талдықорған және Алматыдағы Мұхтар Әуезов атындағы театрларда еңбек еткен.

1981 жылы Жұмат Шанин атындағы театрға қабылданып, осы сахнада 40 жылдан астам қызмет атқарды. 2025 жылдың қаңтарында зейнетке шыққан.

Өнер иесі Қазақстанның мәдениет қайраткері, «Құрмет» орденінің иегері және Шымкент қаласының Құрметті азаматы атанған.

Театр ұжымы марқұмның қазақ сахна өнеріне қосқан үлесін атап өтіп, отбасы мен жақындарына көңіл айтты.

Автор
Айжан Сыланова

2023 жылдан бастап Kznews.kz сайтында тілші қызметін атқарады. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі. Аймақтық және интернет-басылымдарда еңбек өтілі бар.