Тоқаев келесі президент сайлауы қашан өтетінін айтты
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Айтысты құртқан кімдер? Ақын ащы шындықты айтты

Айтысты құртқан кімдер? Ақын ащы шындықты айтты
Ашық дереккөз

Белгілі айтыскер ақын Қуаныш Мақсұт қазақ айтысының қазіргі жағдайы туралы пікір білдіріп, ұлттық өнердің әлсіреуіне әсер еткен себептерді атады, деп хабарлайды kznews.kz.

Әлеуметтік желіде тараған видеода ақын айтыстың бұрынғы деңгейінен төмендеуіне бірнеше фактор әсер еткенін айтты.

– Айтысты құртып, бітірген – дін. Кезінде айтыс өнеріне ақша көп бөлінді, сол кезде діндарларды да көптеп тартты. Діндарлардың жақсысы да, жаманы да болды, бірақ олардың сол кезде президент Нұрсұлтан Назарбаевқа ықпалы болды. Сол жылдары ақындардың 90 пайызы намаз оқып кеткені де рас, – деді Қуаныш Мақсұт.

Айтыскердің айтуынша, өнерге дінмен қатар рулық көзқарас та араласқан.

– Біз солай айтысты өзіміз құрттық. Діндарларды әкелдік, сосын айтысқа трайбализмді араластырдық. Бір айтыста мен «неге Махамбетті Шығыс Қазақстан тойламайды, Құрманғазыны неге Қарағанды облысы тойламайды» деп айтқанмын. Қазір қарасам, әрбір діни ағым өз алдына айтыс өткізіп жүр, – деді ол.

Ақын қазіргі кезде айтыстың бұрынғыдай елді біріктіретін үлкен рухани сахна болудан алыстап бара жатқанына алаңдайтынын жеткізді.

Желі қолданушылары бұл пікірге қатысты түрлі көзқарас білдіріп, айтыстың бүгінгі бағыты туралы қызу талқылау жүріп жатыр.

Автор
Азамат Қойшығара

М.Х.Дулати атындағы ТарМУ түлегі. Журналистика саласында 16 жылдан бері еңбек етіп келеді. Аймақтық, салалық, республикалық басылымдарда, интернет-порталдарда түрлі қызметтер атқарған. 2025 жылдан бері - kznews.kz сайтының тілшісі.