Отандық БАҚ: демократия мен дипфейктің арасы
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Айнұр Тұрсынбаева Түркияда 500 шелпек таратты

Айнұр Тұрсынбаева Түркияда 500 шелпек таратты

Ақын Айнұр Тұрсынбаева Түркияда қазақтың ұлттық дәстүрін дәріптеп, қасиетті жұма күні түрік, қазақ және өзбек жұртшылығына жеті шелпек таратып, көпшіліктің ықыласына бөленді, деп хабарлайды kznews.kz.

Өнер иесінің айтуынша, бұл игі бастама жұма күнгі сауапты істі жалғастырумен қатар, өздері ашқан жаңа тамақтану орнының жұмысын таныстыру мақсатында ұйымдастырылған.

«Қасиетті жұма күні түрік, қазақ, өзбек бауырлас ағайынға қазақтың дәмді шелпегін тараттық. Ниетіміз – берекелі асханамызды насихаттау еді. Қабыл болсын», – деді ақын.

Айнұр Тұрсынбаева бұл жолы арнайы 500 дана шелпекті өз қолымен пісіріп, келушілерге тегін үлестіргенін айтты. Оның сөзінше, қазақтың ұлттық тағамдары мен дәстүрлерін шетелде кеңінен таныстыруды көздейді.

Ақын бүгінде кәсіпкерлікке ден қойып, бірнеше жобаны қатар дамытып жатқанын да жеткізді. Бұған дейін Алматы облысындағы ауылдардың бірінде ұлттық нақыштағы «қазақша гамбургер» әзірлеп, тұрғындарға ұсынғанын еске салды.

"Бақыт&Байлық" жобасы да жақсы жүріп жатыр. Алла береке берсін», – деді Айнұр Тұрсынбаева.

Әлеуметтік желі қолданушылары ақынның бастамасына оң пікір білдіріп, қазақтың ұлттық тағамдары мен салт-дәстүрін шетелде насихаттап жүргеніне ризашылықтарын жеткізді.

Автор
Айжан Сыланова

2023 жылдан бастап Kznews.kz сайтында тілші қызметін атқарады. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі. Аймақтық және интернет-басылымдарда еңбек өтілі бар.