KZNews.kz
Жаңалықтар

Айгүл Орынбек Шымкенттегі қанды оқиғаға қатысты дабыл қақты

Дархан Тоқан
Фото: Ашық дереккөзі

Белгілі заңгер Айгүл Орынбек Шымкентте қанды қылмыстар жиілеп бара жатқанын айтып, соңғы оқиға қоғамда үлкен резонанс тудырғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Kznews.kz.

Заңгердің айтуынша, әйелдің өліміне қатысты іс бойынша күдікті ретінде Ақтөбе қаласынан келген ер адам ұсталған. Қазір тергеу оның бұл қадамға не себепті барғанын анықтап жатыр.

Орынбектің сөзінше, күдікті әуелі бір әйелге шабуыл жасаған. Артынша тағы бір қызға пышақ ала жүгіріп, кейін полиция қызметкерлеріне де қарсылық көрсеткен.

«Осы сәтте құқық қорғау органдары қызметтік қару қолданып, күдіктіні аяғынан атып, дер кезінде залалсыздандырған. Оқиға кезінде полиция қызметкерлері Абай Байжанов пен Азамат Нарбаевтың жедел әрекет етуі арқылы басқа адамдардың өмірі сақталып қалды», — деді заңгер.

Айгүл Орынбек бұл жағдайды жан-жақты тексеру қажет екенін айтып, күдіктінің Шымкентке қандай мақсатпен келгені мен қылмысқа итермелеген себептер толық анықталуы тиіс екенін жеткізді.

«Қала тұрғындарына қоғамдық орындарда сақ болу керек. Күдікті адамдарды байқаса, бірден 102 нөміріне хабарлау қажет. Мұндай қылмыстар қоғамда үрей тудырып, тұрақтылықты шайқауға бағытталуы мүмкін. Сондықтан құқық қорғау органдарының жедел әрі кәсіби әрекеті — қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің басты кепілі. Ақтөбеден арнайы келген күдікті сәлафит, уахаб деген күдік бар. Деструктивті жат ағымның жолында болуы мүмкін, бәрі тексерілуі тиіс», — деді заңгер.

Дархан Тоқан
Журналист. Блогер. Фрилансер
Автордың басқа материалдары →