KZNews.kz
Шоу-бизнес

Айгүл Иманбаева жолдасының кім және немен айналысатынын айтты

Ayzhan Sylanova
Фото: instagram.com/aigul_imanbayeva

Белгілі әнші Айгүл Иманбаева жеке өміріне қатысты бұрын-соңды айтылмаған жайттарды бөлісті, деп хабарлайды kznews.kz.

Өнер иесі Salem America жобасына берген сұхбатында жолдасының кім екеніне тоқталып, оның мінезі мен өмір салты жайлы әңгімеледі. Айгүл Иманбаеваның айтуынша, жұбайы ІТ саласында еңбек етеді және бұл бағыт өзіне аса жақын емес екенін мойындады.

Әншінің сөзінше, өзі көпшілікпен етене араласатын ашық мінезді шығармашылық тұлға болса, жолдасы керісінше тұйықтау, өз ой әлеміне көбірек бойлайтын адам. Кейде оның кәсіби әңгімелерін толық түсіне бермейтінін де жасырмады.

Сондай-ақ Айгүл Иманбаева таныстықтары Нью-Йоркте басталғанын айтты. Оның жұбайы аталған қалада тұрақты тұрады, ал әнші өзі де АҚШ-қа жиі барып тұратынын жеткізді.

Ayzhan Sylanova
Автордың басқа материалдары