Өнерден қол үзіп, дін жолына бет бұрған әнші Рүстем Жүгінісовтің бұрынғы жұбайы Айжан Қырықбай әлеуметтік желіде мәлімдеме жасап, ажырасуына қатысты тараған әңгімелерге жауап берді. Ол өзін экс-жұбайымен байланыстыра бермеуді сұрап, бұл тақырыпқа қайта оралғысы келмейтінін жеткізді, деп хабарлайды kznews.kz.
Сонымен қатар ол әлеуметтік желіде жиі кездесетін «төрт баласымен тастап кетті» деген пікірлердің де шындыққа жанаспайтынын айтып, ажырасу өз шешімі болғанын атап өтті.
«Негізі, үндемей-ақ қояйын десем де, болмай тұр. Бұрынғы жұбайым екеуміз ажырасып кеткенімізге біраз уақыт болды. Сондықтан мені ол кісімен байланыстырып, әйелдерінің қатарына қоспауларыңызды сұраймын!
Сондай-ақ, “төрт баласымен тастап кетті” деген сөздерді жазбауларыңызды өтінемін. Кету – менің өз шешімім! Және бұл шешіміме өкінбеймін. Әркім өз адамымен бақытты болсын! Алдағы уақытта ол кісімен бірге түскен қандай да бір видео көрсеңіздер, ондағы әйел мен емес екенін ескеріңіздер. “Неше әйелі бар?” деп те сұрамаңыздар. Жартысын білсем де, жартысын білмеймін! Шынымды айтсам, осы әңгімеден шаршадым. Сондықтан осы тақырыпты біржола жабайықшы! Рүстем мен Айжан деген жұп енді жоқ!» – деп жазды ол.
Айжан Қырықбай осылайша бұрынғы отбасылық қарым-қатынасына қатысты алып-қашпа әңгімелерді тоқтатуды сұрап, бұл тақырыпты енді қозғамауға шақырды