KZNEWS.KZ
Шоу-бизнес

«Әйел шешінбей, мәселе шешілмейді»: Төреғали Төреәлінің жұмбақ жазбасы желіде қызу талқыға түсті

• Айгерім Асылова
Фото: ашық дереккөз

Қазақстандық әнші Төреғали Төреәлі әлеуметтік желідегі парақшасында қысқа ғана жазба жариялап, оқырмандардың назарын аударды. Оның әйелге қатысты айтқан сөзі желі қолданушыларының арасында түрлі пікір туғызды, деп хабарлайды kznews.kz

Өнер иесі жазбасында астарлы мағынасы бар тіркесті қолданған.

«Әйел шешінбей, мәселе шешілмейді», – деп жазды әнші.

Алайда Төреғали Төреәлінің бұл сөзді қандай жағдайға байланысты айтқаны, нені меңзегені әзірге белгісіз. Әнші жазбасының мәнін ашып, қосымша түсініктеме берген жоқ.

Осыған байланысты оның жазбасы қандай ойды меңзегені және қандай мақсатпен жарияланғаны әзірге беймәлім.

Айгерім Асылова
Айгерім Асылова – Kznews.kz сайтының тілшісі. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі, республикалық порталдарда жұмыс тәжірибесі бар журналист.
Автордың басқа материалдары →