Осыған байланысты генерал-майор Айдос Мырзахметов бұрын атқарған Қазақстан Республикасы Қарулы күштері Арнайы операциялар күштерінің қолбасшысы лауазымынан босатылды, деп хабарлайды kznews.kz.
Бұған дейін, Мемлекет басшысының Жарлығымен Дәурен Қосанов Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі лауазымынан босатылған еді.
Сондай-ақ 26 қыркүйекте Президент Қорғаныс министрлігіндегі істердің жай-күйіне, соның ішінде әскери құрылымдарды қаржылық және материалдық-техникалық қамтамасыз ету саласына кешенді тексеру жүргізу жөніндегі комиссия құрған болатын. Комиссия алғашқы нәтижелерін жеті күн ішінде баяндауы тиіс.