Оқырман таңдауы - 60,1 пайыз: қазақ тіліндегі кітаптарға сұраныс артып келе ме?
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Айдарбек Ходжаназаров Respublica партиясының төрағасы болып қайта сайланды

Айдарбек Ходжаназаров Respublica партиясының төрағасы болып қайта сайланды
Фото: Нурсултан Ибраев

Respublica партиясының кезекті съезінде партия төрағасы Айдарбек Ходжаназаровтың өкілеттік мерзімін тағы үш жылға ұзарту туралы шешім қабылданды, деп хабарлайды kznews.kz.
 

Партияның тең төрағасы Сырымбек Таудың айтуынша, жарғыға сәйкес төраға үш жыл мерзімге сайланады, ал Айдарбек Ходжаназаровтың қазіргі өкілеттік мерзімі 29 шілдеде аяқталады.

Осыған байланысты ол съезд делегаттарына партия басшысының өкілеттігін ұзарту жөнінде ұсыныс жасады.

«Сайлау алдында, қиын-қыстау уақытта партияның алдында төрағаны ауыстыру не қалдыру мәселесі тұр. Менің жеке ұсынысым – партия төрағасы Айдарбек Ходжаназаров мырзаның өкілеттігін ұзартуды қолдауларыңызды сұраймын», – деді Сырымбек Тау.

Ұсыныс ашық дауысқа салынып, съезге қатысқан 592 делегаттың барлығы бірауыздан қолдау білдірді. Нәтижесінде Айдарбек Ходжаназаров Respublica партиясының төрағасы қызметін алдағы үш жыл бойы жалғастыратын болды.

Автор
Айжан Сыланова

2023 жылдан бастап Kznews.kz сайтында тілші қызметін атқарады. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі. Аймақтық және интернет-басылымдарда еңбек өтілі бар.