«Әділет» съезінде тарихи шешім қабылданды: Amanat партиясын қосу мақұлданды
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

«Әділет» съезінде тарихи шешім қабылданды: Amanat партиясын қосу мақұлданды

«Әділет» съезінде тарихи шешім қабылданды: Amanat партиясын қосу мақұлданды
Фотоиллюстрация: kznews AI

«Әділет» партиясының делегаттары Amanat партиясының құрамға қосылуын қолдады, деп хабарлайды kznews.kz.

Астанада өткен «Әділет» партиясының II съезінде делегаттар Amanat партиясының саяси бірлестік құрамына қосылуын қолдап дауыс берді. Партия төрағасы Айбек Дәдебай бұл шешімді Қазақстанның болашағы үшін маңызды қадам деп бағалады.

Съезд барысында сөз сөйлеген Айбек Дәдебай партияның құрылу негізінде жатқан басты құндылық – әділеттілік екенін атап өтті. Оның айтуынша, қоғамда әділ ережелер орныққан жерде азаматтардың мемлекетке деген сенімі артып, кәсіпкерлік дамып, қоғамдық ынтымақ нығая түседі.

– Қазақстанның алдында тұрған міндеттер бүгінде жекелеген партиялардың мүмкіндігінен асып түседі. Сондықтан ел мүддесі жолында күш біріктіріп, ортақ мақсаттарға жұмылу қажет, – деді партия төрағасы.

Ол съезд делегаттарының Amanat партиясының қосылуы туралы ұсынысын қолдап, болашақ партияластарына «Қош келдіңіздер!» деп үн қатты.

Съезден кейін журналистердің сұрақтарына жауап берген Айбек Дәдебай бұл үдеріс екі партияның жай ғана бірігуі емес, қоғамдағы белсенді күштерді Қазақстанның келешегіне бағытталған ортақ мақсаттар төңірегіне топтастыру екенін айтты.

Оның сөзінше, көптеген мемлекеттерде саяси бәсекелестік қоғамның бөлінуіне себеп болып жатса, Қазақстан керісінше бірігу мен ынтымақтастық жолын таңдаған.

Сонымен қатар Amanat партиясы барлық заңдық рәсімдер аяқталғанға дейін шамамен алты ай бойы дербес заңды тұлға ретінде жұмысын жалғастырады. Осы кезеңде партия мүшелеріне «Әділет» қатарына өту ұсынылады. Қазіргі уақытта жаңа құрылым бекітіліп, өңірлік филиалдарды құру мәселесі талқылануда.

Айта кетейік, «Әділет» партиясы Әділет министрлігінде биыл 1 маусымда тіркелген болатын. Партия бағдарламасының негізіне әділеттілік, теңдік және заң үстемдігі қағидаттары алынған.

Автор
Асқар Алтайұлы

Kznews.kz сайтының Бас редакторы. ҚазҰУ Журналистика факультетінің түлегі. Медиаменеджер. БАҚ саласында 22 жылдық тәжірибесі бар. Кәсіби блогер.