KZNews.kz
Жаңалықтар

"Әділет ондай емес": Сәкен Майғазиевтің келіні қайын атасы туралы ел естімеген жайтты айтты (ВИДЕО)

Қайсар Қанат
Stan.kz. Суретте: Сәкен Майғазиев, келіні Әдия, ұлы Әділет

Танымал әнші Сәкен Майғазиевтің жұбайы Динара Асылханқызы мен келіні подкастқа қонақ болып, отбасылық тұрмысқа қатысты қызықты әңгіме өрбітті. Бұл туралы Turkystan.kz хабарлады.

Әңгіме барысында Динара Асылханқызы таңғы асқа байланысты сұрақтарға жауап беріп, жұбайының әдеттерін айтып өтті.

"Сәкен таңғы асқа міндетті түрде ыстық тамақ, әсіресе сорпа ішеді. Артынша бір кесек ет жейді. Мұндай ерекшелікті келінімізге де үнемі айтып отырамын", – деді ол.

Осы жауаптан кейін подкаст жүргізушісі Ләйлә Сұлтанқызы жас келінге күтпеген сұрақ қойды. Ол күйеуінің де әкесі секілді таңғы асқа қатысты талаптары бар-жоғын білгісі келген.

Бұл сауалға келін еш ойланбастан жауап қатты:

"Жоқ, Әділет ондай емес. Ондай талап қоймайды", – деді ол.

Жазба желі қолданушылары арасында қызу талқыланып, көпшілік жас келіннің ашық әрі шынайы жауабын жылы қабылдады.

Қайсар Қанат
Автордың басқа материалдары