KZNews.kz
Шоу-бизнес

Тұрсынбектің әйелі Мөлдір Мұқановаға қатысты пікірге жауап берді

Дархан Тоқан
Фото: Әлеуметтік желіден

Танымал әзілкеш Тұрсынбек Қабатовтың екінші жары Айман Талғатқызы әлеуметтік желіде күйеуімен бірге түскен суретін жариялап, көпшіліктің талқысына түсті, деп хабарлайды turkystan.kz.

Желі қолданушылары көптен күткен кадрды Айман Талғатқызы өзінің жеке парақшасында бөлісті. Фото астына ол:

"Психикасы тұрақты, өмірде не керек екенін анық білетін адамдар олар туралы өзгелер не ойлайды деп бас қатырмайды", – деп жазды.

Жазба көп ұзамай қызу пікірталасқа ұласты. Бірі жылы лебізін білдіріп, қолдау көрсетті.

"Әдемі қыз. Шын ғашық болған ғой", "Ақырын-ақырын беті ашылып жатыр. Не болса да – бақытты болыңдар! Кімнің алдында не күтіп тұрғанын Алла біледі", "Бақытты болыңыздар!" деген пікірлер жиі кездесті.

Алайда сын айтқандар да табылды. Кейбір желі қолданушылары:

"Маған Мөлдір ұнайды", "Тұрсынбек қартайыпты", "Жоқ дегенде бойжеткен қыздарын сыйласаңыз етті" деп жазды.

Бұл пікірлерге Айман Талғатқызы да жауапсыз қалмады. Ол сын айтқандардың біріне:

«Адасып жүрсіз! Ұнайтын жаққа өтіңіз», – деп қысқа да нұсқа жауап қайтарды.

Дархан Тоқан
Автордың басқа материалдары