Ерболат Досаев Ақордадағы қызметінен неге кетті?
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

«Екеуміз бүгін ғана таныстық»: Мөлдір Мұқановаға бейтаныс жан көлік сыйлады

«Екеуміз бүгін ғана таныстық»: Мөлдір Мұқановаға бейтаныс жан көлік сыйлады
Видеодан алынған кадрлар/Instagram: moldir.mt

Әнші әрі продюсер Мөлдір Мұқанова күтпеген жерден бағалы сыйлыққа ие болды. Жарнама берушілердің бірі оған су жаңа автокөлік тарту еткен, передает kznews.kz.

Өнер иесі қуанышты жаңалығын әлеуметтік желі арқылы бөлісіп, болған жайтты егжей-тегжейлі баяндады. Оның айтуынша, өзі бұрын мініп жүрген көлігін балаларына бергендіктен, біраз уақыттан бері жаяу жүрген. Желіде тараған видеодан әншінің ерекше толқып, қуаныштан көзіне жас алғанын аңғаруға болады.

Мөлдір мен көлік сыйлаған Айгүл ханым дәл сол күні танысқан.

“Кең болсаң кем болмайсың дейді қазақ. Қараңыздаршы, бейтаныс жан, екеуміз түскі ас кезінде таныстық, артынан көпшіліктің алдында маған көлік сыйлады”, – дейді әнші видеода.

Жазбасында өнер иесі адам ниеті таза болса, өмір жолында да сондай ақжүрек жандар жолығатынын ерекше атап өткен.

“Алла адамға айтпай сынақ қана бермейді, айтпай сыйлық та береді. Ниетің қандай түзу болса жолыңа да тілектес, ниеттес адамдар жолығады. Екі аяғыма шүкір деп жаяу жүргенімде Айгүл төрт аяқты тұлпар сыйлап, таңғалдырды. Көркің де, көлігің де, өмірің де тозбасын деп тілек білдірген досыма үлкен рақмет! Қазақ бай болсын, бір-біріне сай болсын! Дөңгеленген дүниеде көліктеріңнің дөңгелегі айнала берсін құрбым!” – деп жазды Мөлдір Мұқанова.

Автор
Дархан Тоқан

Журналист. Блогер. Фрилансер