"Дұға жасап отырмыз": Бақытжан Базарбек өзі түскен жол апатына қатысты мәлімдеме жасады
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

“Адам қағып кеткені расталды”: Бақытжан Базарбек жол апаты туралы үн қатты

“Адам қағып кеткені расталды”: Бақытжан Базарбек жол апаты туралы үн қатты
Фото: әлеуметтік желіден

Мәжілістің бұрынғы депутаты Бақытжан Базарбек Жамбыл облысында болған жол апатына қатысты әлеуметтік желіде тараған ақпараттарға жауап берді, деп хабарлайды kznews.kz.

Оның айтуынша, қазір жол-көлік оқиғасына байланысты қажетті сараптамалар жүргізіліп, тергеу амалдары жалғасып жатыр. Сондықтан істің нақты мән-жайын жария етуге мүмкіндігі жоқ.

Бақытжан Базарбек өзі мен жұбайы сотқа дейінгі тергеп-тексеру деректерін жария етпеу туралы қолхат бергенін атап өтті. Осыған байланысты әлеуметтік желіде тараған түрлі болжамдарға толық түсініктеме бере алмайтынын жеткізді.

Бұған дейін Жамбыл облысының Тұрар Рысқұлов ауданында Toyota көлігі жолдың жүріс бөлігінде тұрған ер адамды қағып кеткені хабарланған. Зардап шеккен азамат ауыр жағдайда аудандық аурухананың жансақтау бөліміне жеткізілген. Оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу басталған.

Экс-депутат қазіргі таңда ең басты алаңдаушылығы жол апатынан зардап шеккен азаматтың денсаулығы екенін айтты. Ол оның жақындарына қолдау көрсетіп жатқанын жеткізіп, дәрігерлер мен медицина саласының мамандарына алғыс білдірді.

Базарбек істің барлық мән-жайы жүргізіліп жатқан сараптамалар мен тергеу нәтижесінде анықталатынын атап өтті. Айта кетейік, полиция әзірге жүргізушінің толық аты-жөнін ресми түрде жариялаған жоқ.

Автор
Айжан Сыланова

2023 жылдан бастап Kznews.kz сайтында тілші қызметін атқарады. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі. Аймақтық және интернет-басылымдарда еңбек өтілі бар.