Ұлттық қордан балаларға биыл қанша доллар аударылады
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Астанада баланың екі аяғынан айырылуына себеп болған автобус жүргізушісі рақымшылықпен жазадан құтылды

Астанада баланың екі аяғынан айырылуына себеп болған автобус жүргізушісі рақымшылықпен жазадан құтылды

Астана қалалық Полиция департаменті бұл ақпаратты растап, қылмыстық іс материалдары жүргізушінің кінәсін дәлелдегенін мәлімдеді.

«Жол қозғалысы ережелерін бұзу салдарынан жәбірленушіге ауыр дене жарақаты келтірілгені анықталды. Қылмыстық істі тергеу барысында барлық сараптама нәтижелері жүргізушінің кінәсін нақты көрсетті», – делінген ведомство хабарламасында.

Алайда, кінәлі жүргізуші Қазақстан Республикасының “Рақымшылық туралы” заңы аясында қылмыстық қудалауды тоқтату туралы өтініш берген. Осыған байланысты қылмыстық іс тоқтатылған.

Полиция департаментінің мәліметінше, жүргізуші жазадан босатылғанымен, қылмыстық жауапкершілікке тартылған тұлға ретінде есептеледі.

Сонымен қатар, Астана қаласының әкімдігіне құқық бұзушылыққа ықпал еткен себептер мен жағдайларды жою туралы ұсыныс жолданған.

Қоғамда үлкен резонанс тудырған бұл іс жұрт арасында наразылық тудырып отыр. Қоғам белсенділері мен жәбірленуші тарап әділдікке қол жеткізу үшін күресті жалғастыруға бекінген.

Автор
Айжан Сыланова

2023 жылдан бастап Kznews.kz сайтында тілші қызметін атқарады. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі. Аймақтық және интернет-басылымдарда еңбек өтілі бар.