Шоу-бизнес

"Адал" партиясы сценарий бойынша жұмыс істеді ме?

KZNEWS KZNEWS
"Адал" партиясы сценарий бойынша жұмыс істеді ме?

Ерлан Қариннің идеологиясы бойынша Дариға Назарбаева құрған "Асар" партиясының да болашағы ұзаққа бармады. Енді халықтың сенімі мен билікке ие болған уақытта "Нұр-Отан" оны да жұтып алды. Дәл сол сияқты, сайлау алдында өте белсенді жұмыс жасаған "Адал" партиясының тағдыры да айна-қатесіз алдыңғыны қайталап берді. Осы тақырып төңірегінде журналист "HARD-talk" бағдарламасының кейіпкерлеріне:

"Оның құрамында Мақсат Толықбай, Дәулет Мұқаев сияқты азаматтарымыз бар еді. Бұл бір сценарий сияқты көрінді. Сайлау кезінде Нұр-Отан партиясының жанынан құрылған комиссияда "Адал" партиясының саяси бюросының мүшелері жүрді.

Халықтың сенімімен, көңілімен ойлау, қазақты мазақ ету деп санамайсыз ба?" - деп сұрады.


ҚР Парламент мәжілісінің депутаты Ерлан Саиров бұл сауалға:
"Партия жұтып қойды, тартып алды деген термин дұрыс емес. Негізі саяси процесс екі нәрсеге бағынады: норма және процедура. Мен өз басым Адал партиясының неге ондай инициатива жасағанын білмеймін, бірақ олар өз еркімен өз бюросын, өз сьезін өткізді. Бұл біздің заңдарға сәйкес келеді", - деп қысқа жауап берді.

Ал Мұхтар Тайжан:
"Адал партиясы жасанды еді. Ол олигархтардың партиясы. Тіпті бір кездері жерді жекеге сатуға дайын болды", - деп пікір білдірді.

(фото: Tengrinews.kz)

Ұқсас материалдар

Барлығы
KZNews.kz