KZNews.kz
Жаңалықтар

"Абыз аға…": Мақпал Жүнісова марқұм Асанәлі Әшімовті еске алды

Қайсар Қанат
видеодан скриншот

Белгілі әнші Мақпал Жүнісова марқұм актер Асанәлі Әшімовтің қырық күндігіне орай ас беріліп, Құран бағышталғанын хабарлады, деп жазады Arasha.kz.

"Абыз ағамыз, Асанәлі Әшімов ағамыздың қырық күндігіне ас беріліп, құран бағышталуда, топырағыңыз торқа болсын, Асыл Аға!" – деп жазды Мақпал Жүнісова

Еске сала кетейік, Асанәлі Әшімов 2025 жылдың 21 желтоқсанында, 88 жасқа қараған шағында өмірден өтті. Ол – Қазақстанның Еңбек Ері, КСРО халық әртісі, ұлттық театр мен кино өнерінің дамуына өлшеусіз үлес қосқан біртуар тұлға.

Асанәлі Әшімов 1937 жылдың 8 мамырында Жамбыл облысында дүниеге келген. Шығармашылық жолын Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ ұлттық драма театры сахнасында бастап, актерлікпен қатар режиссер, сценарист әрі ұлағатты ұстаз ретінде де халықтың зор құрметіне бөленді.

Өнер тарланы "Атаманның ақыры", "Транссібір экспресі" сынды көрнекті кинотуындылардағы жарқын рөлдері арқылы қазақ киносының алтын қорынан берік орын алды. Оның бай шығармашылық мұрасы мен дара болмысы ұлттық мәдениет тарихында мәңгі сақталмақ.

Қайсар Қанат
Журналист. Блогер. Фрилансер
Автордың басқа материалдары →