Абылай хан заманына қалам тарту — ұлттық санаға, ұлт тарихына көз салу. ¥лт тарихы дегеніміз, кең магынасында, үлттық мемлекет болып қалыптасу жолы. Слайд беттерінде ұлттық сананың толық қалыптасуы мемлекеттілікпен қабысып, кабаттасып дамиды. Ал мемлекеттіліктің дамуы — түзу сызык емес, бұралаңы, ирелеңі көп қисық сызық. Қазақ мемлекеттілігінің дамуы да көп бұралаң, қисық жолдардан тұрады. Оның осындай жолдарының бірі -XVIII және XIX ғасырлар. XVIII ғасырда Қазақ хандығы ауыр согыстар, күйзелістер сынынан өтіп, мемлекеттіліктің негізгі нышандарын сақтағанымен, көп ұзамай XIX ғасырда даланың басым бөлігі Ресей қол астына өтеді. Ресей тарапынан жүргізілген саяси-әкімшілік реформалар сан ғасырдан бері қалыптасқан хандық билік жүйені жояды, қазақ ру-тайпаларының дәстүрлі көш-қон кеңістігі қала, бекіністермен тарылып, кең-байтақ қазақ жерінің сулы-нулы аймақтары Ресей мемлекетінің меншігіне өтеді. Қазақтың «жазда жайлауға, қыста қыстауға» бет алатын көшпелі өмір салтын отырықшы мәдениет ығыстыра бастайды. Жаңа экономикалық қарым-қатынастар күш алады. Қазақ тұрмыс-тіршілігін күрт өзгерткен бұл құбылыстар халық сана-сезіміне де өз ізін қалдырады. Болашаққа үреймен, ал өткенге үлкен аңсармен қараған ұрпақ көші келеді. Қазақ даласы хандықпен коштасу арқылы көшпелі тіршіліктен де қол үзуге бет бұрады.
Абылай хан дәуірі — азаттық, еркіндік, ерлік іске толы ғасыр болды. Халық сана-сезіміндегі өзгерістер нәтижесінде Абылай хан бейнесі аса үлкен құрметпен еске алынып, дәріптеле бастады. Ол бейнеге халық өзінің арман-тілегін, аңсары мен үмітін қосты. Жазба тарихы болмағандықтан халықтың бұл ұмтылысы ауызекі шығармашылық арнасына түсіп, тотыкты, тоғысты. Соның нәтижесінде Абылайдың балалык шағы, хан тағына көтерілу тарихы, заманындағы тұлғалармен қарым-қатынасы туралы деректер біздің заманымызға жыр-аңыздар арқылы жетті. Ол жыр-аңыздар аркылы халық идеалды билеуші бейнесін сомдады, тарихи түлғаны эпикалық қаһарман ретінде таныды. Абылай хан туралы презентация (слайд) жүктеп алу үшін соңындағы сілтемеге өтіңіз.