Каспийдегі love story: Маңғыстаулық жас жұбайлар референдумға катермен келді
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Абдолла Жұмағалиев | өмірбаяны

Абдолла Жұмағалиев |  өмірбаяны

Абдолла Жұмағалиев  – қазақтың ақыны. 1934 – 36 жылдары Орал педагогика институтында (қазіргі Батыс Қазақстан мемлекет университеті), 1936 – 38 жылы ҚазПИ-де (қазіргі АлМУ) оқыған. 1938 – 39 жылдары Қызылорда сауда техникумында оқытушы, 1939 – 41 жылдары Қазақ мемлекеттік көркем әдебиет баспасында редактор болған. 1941 жылы шілдеде әскерге шақырылып, Ұлы Отан соғысында ерлікпен қаза тапты (1941, 26 қазан).

Жұмағалиевтың ерлігіне арнап Қ.Аманжолов “Ақын өлімі туралы аңыз” поэмасын жазды (1943). Жұмағалиевтың алғашқы өлеңі “Біздің еңбек” альманағында (Орал, 1934) жарық көрген. 1936 – 41 жылдары шығармалары республикалық баспасөзде үнемі жарияланып тұрды. Ол “Токиодағы дауыс”, “Шығыс қызы”, “Асан туралы аңыз” атты поэмаларында жастық шақ, адамгершілік, достық, бақыт, Отан тақырыбын көтеріңкі шабытпен жырлады. Шет ел әдебиетінен Байрон, Лермонтов, Низами, Тоқтағұл шығармаларын қазақ тіліне аударды.

Кейін ақынның әдеби мұралары “Таңдамалы өлеңдер”, (1945), “Өшпес жалын” (1962), “Өлмес өмір дастаны” (1985) атты жинақтарында жарияланды.

Автор
Арман