Қазақстанның облыс әкімдерінің рейтингі жарияланды: көш басында кім тұр?
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Абай облысында алты баланы қағып кеткен жүргізушінің соты басталды

Абай облысында алты баланы қағып кеткен жүргізушінің соты басталды
Фото: ашықдереккөз

Сот барысында күдіктіге эпилепсия диагнозы қойылғаны белгілі болды. Ол «Д» санаты бойынша есепте тұрған, яғни ұстамасы жиі қайталанатын науқастар қатарына жатады. Осыған байланысты сот оның жүргізуші куәлігінің қолданылуын уақытша тоқтату туралы шешім қабылдады. Егер жүргізуші ауруынан айыққанын дәлелдеп, сараптама қорытындысымен растаған жағдайда шешім қайта қаралуы мүмкін. Әйтпесе ол куәлігінен айырылады.

Еске салсақ, қайғылы оқиға 19 тамызда болған еді. Көлік соққысының салдарынан үш бала көз жұмып, тағы үшеуі жарақат алды. Жараланған екі бүлдіршін санитарлық авиациямен Астанаға жеткізіліп, №2 көпбейіндібалалар ауруханасына жатқызылды. Тағы бір бала Семейге әуе тасымалымен жеткізіліп, қазір анестезиология және реанимация бөлімінде ем қабылдап жатыр. Дәрігерлер оның жағдайын тексеруден кейін ғана тасымалдауға жарамды деп таныған.

Жүргізуші ұсталып, қамауға алынды. Медициналық сараптама жол апаты кезінде оның мас күйде болмағанын көрсетті.

Автор
Айжан Сыланова

2023 жылдан бастап Kznews.kz сайтында тілші қызметін атқарады. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі. Аймақтық және интернет-басылымдарда еңбек өтілі бар.