«Қайран менің өз үйім»: қазақтың арманы неге қымбаттап барады?
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Абайдың әнін шырқаған 20 жастағы алматылық бойжеткен "Қазақ аруы" атанды

Абайдың әнін шырқаған 20 жастағы алматылық бойжеткен "Қазақ аруы" атанды

Алматыда Республика сарайында өткен "Қазақ аруы – 2020" байқауына еліміздің түкпір-түкпірінен 19 бойжеткен қатысты

АЛМАТЫ, 12 наурыз – Sputnik. Алматы облысының 20 жастағы аруы Нарқыз Айдарова "Қазақ аруы – 2020" атанды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Продюсер Баян Алагөзова ұйымдастыратын байқау биыл 10 рет өтті. Алматыда Республика сарайында өткен байқауға еліміздің түкпір-түкпірінен 19 бойжеткен қатысты. Қатысушылар сұлулық, жоғары интелект, салт-дәстүр және өнерден бақ сынады.

Ресейлік сұлулық байқауындағы шу: қазақ қызын сахнаға ашық киінуге мәжбүрлеген

Байқауда Нарқыз Айдарова Абай Құнанбайұлының "Айттым сәлем, Қаламқас" әнін орындады.

Жеңімпаз болған Нарқыз Айдарова бұған дейін режиссер Артем Ганцевтің "Ғазиз жүрек" телесериалына түскен.

І орынды алматылық Аяжан Тойбазар, ІІ орынды Қарағанды қаласының 19 жастағы аруы Аяжан Мүбарак, ІІІ орынды Алматы қаласының 18 жастағы тұрғыны Зере Молдабекова алды.

Сондай-ақ, байқау барысында көрермен Тамара Асар, Айқын Төлепберген, Қуандық Рахым, Айгерім Қалаубаева, "КешYOU" тобының өнерін тамашалады.


sputniknews.kz
Автор
Нұрсұлтан