Жиынға зиялы қауым өкілдері, еңбек ардагерлері, ғылыми қызметкерлер, жастар қатысты. Шежіреші, этнограф Молдабек Жанболатұлы, Кәрібай Сұлтанов, Совет Тоғызбаев, Нұржамал Бимурзаева сынды еңбек ардагерлері, құрметті азаматтар жылы лебіз, пікірлерін білдірді..
-«Ақылдастар» қоғамдық бірлестігі ел Тәуелсіздігін алған ұзақ жылдардан бері Абай музейімен тығыз қарым-қатынас жасап келеді,-деді Абайдың мемлекеттік қорық-музейі директорының ғылыми істер жөніндегі орынбасары Мейрамгүл Қайрамбаева,-қоғам мүшелері ғылыми конференция, кездесулерге тұрақты түрде қатысады. Музейге арнайы экскурсиялар да ұйымдастырып, ақсақалдар мен қатар жастардың да дүниетанымын байытуда. Сағындық Бекқалиұлының осы кітабы оқырманды рухани байытатын бірден-бір тамаша шығарма. Ауылдағы еңбек адамдарының тыныс-тіршілігін кеңінен суреттеген.
Раушан ҚАБЖАНҚЫЗЫ,
«Егемен ҚАЗАҚСТАН»
Семей