KZNEWS.KZ
Қоғам

Абай облысында әскери қызметші қаза тапты

• Азамат Қойшығара
Фото: gov.kz

Абай облысында әскери техниканы пайдалану кезінде қауіпсіздік талаптарының бұзылуы салдарынан келісімшарт бойынша әскери қызметші қаза тапты, деп хабарлайды kznews.kz.

Ресми мәліметке сәйкес, қайғылы оқиға 5 наурыз күні болған. Әскери қызметші жарақат алып, алған жарақатынан көз жұмған.

Аталған факт бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр. Оқиға орнында құзырлы органдардың өкілдері жұмыс істеуде.

Абай гарнизоны қаза тапқан әскери қызметшінің туған-туыстары мен жақындарына белгіленген тәртіпке сәйкес қажетті көмек көрсетілетінін мәлімдеді.

Азамат Қойшығара
М.Х.Дулати атындағы ТарМУ түлегі. Журналистика саласында 16 жылдан бері еңбек етіп келеді. Аймақтық, салалық, республикалық басылымдарда, интернет-порталдарда т...
Автордың басқа материалдары →