"Екіге оқитын оқушы сияқтысыз" : депутат мұнай компаниясы бас директорының масқарасын шығарды
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Абай облысында жантүршігерлік жол апатынан 3 адам қаза тапты

Абай облысында жантүршігерлік жол апатынан 3 адам қаза тапты

Абай облысындағы Омбы – Майқапшағай халықаралық тас жолында жеңіл көлік пен минвен соқтығысып, үш адам ажал құшты. Бұл туралы Kznews.kz ақпарат агенттігі КТК арнасына сілтеме жасап хабарлайды. 

Жеңіл көлік пен минивэн бетпе-бет соқтығысқан. Екі адам оқиға орнында қаза тапса, тағы бір адам ауруханаға барар жолда көз жұмды. 

“25 жастағы Toyota көлігінің жүргізушісі мен 24 жастағы жолаушысы ауыр жарақат алып, оқиға орнында көз жұмды. 45 жастағы минивэн жүргізушісі ауруханаға бара жатқан жолда, жедел жәрдем көлігінде көз жұмды. Оның екі жолаушысы түрлі жарақаттармен ауруханаға жеткізілді”, – деп мәлімдеді полиция.

Соққының қатты болғаны соншалық көліктер мүжіліп қалған.

Жаңасемей ауданы полиция бөлімінің бастығы Рауан Шибутовтың айтуынша, қазір сотқа дейінгі тергеу басталды. Барлық мән-жай анықталып жатыр.

Автор
Торғын Абушахман

Торғын Абушахман – Kznews.kz сайтының тілшісі. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі, республикалық порталдарда жұмыс тәжірибесі бар журналист.