Жоғарғы аудиторлық палата: Ұлттық қордың қаржысы көшет сатып алуға жұмсалған
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Абаев саяси қуғын-сүргін құрбандарын ақтау жөніндегі мемлекеттік комиссияның миссиясын жария етті - Қазақстан жаңалықтары

Абаев саяси қуғын-сүргін құрбандарын ақтау жөніндегі мемлекеттік комиссияның миссиясын жария етті - Қазақстан жаңалықтары

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша құрылатын саяси қуғын-сүргін құрбандарын ақтау жөніндегі мемлекеттік комиссияның міндеті мен мақсаты жарияланды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Бұл туралы ҚР президенті әкімшілігі басшысының бірінші орынбасары Дәурен Абаев мәлім етті.

"Бүгін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев өз үндеуінде саяси қуғын-сүргін құрбандарын ақтау жөніндегі мемлекеттік комиссияның құрылғандығын жария етті. Бұл - тарихи әділдікті қалпына келтіру ісіндегі еліміздің кезекті қадамы. Сол жылдардағы қуғын-сүргін - тарихымыздың жанындағы жазылмаған жара. Процестердің бұқаралығы, жабықтығы, құпиялығы өкінішке орай, көптеген ақтаңдақ қалдырды. Кінәсіз қуғын-сүргінге ұшырағандардың барлығы бірдей ақталған жоқ. Біздің мәліметтерге сәйкес, бүгінгі күні 6 мыңға жуық істі қарау қажет. Халқымыздың құқы үшін де күрескендерді ақтауға тиіспіз. Мәселен, 1910-1930 жылдардағы халық көтерілісіне қатысушыларды айталық, 1929 жылғы Батпаққара көтерілісіне қатысқан 500 адамның тек үшеуі ғана ақталған", - деді Абаев. 

Бұған қоса ол марқұмдардың ұрпақтары, келешек қазақстандық жастар алдындағы мемлекет парызы - кінәсіз сотталғандардың жарқын бейнесін сақтау екенін алға тартты. 

"Жаңадан құрылған органның миссиясы - саяси қуғын-сүргін құрбандарын толықтай саяси және заңды түрде ақтау жақсатында жүйелі жұмыстарды ұйымдастыру.

Президенттің комиссия алдына қойған міндеттері және оның аясында жүргізілетін жұмыстар мынадай:

Біріншіден, жаппай саяси қуғын-сүргін құрбандарын ақтау туралы заңнамалық ұсыныстар әзірлеу;

Екіншіден, жапай саяси қуғын-сүргін құрбанына теңестірілетін және саяси ақтауға жататын тұлғалар санатын бекіту;

Үшіншіден, ақталғандарды мәңгі есте қалдыру, олардың жерленген жерлерін іздеу және күтіп-ұстауды ретке келтіру бойынша ұсыныстар әзірлеу;

Төртіншіден, ақталғандардың құқықтарын қалпына келтіру мәселелері бойынша өтінімдер мен шағымдарды қарау.

Аталған міндеттер мемлекеттік комиссия жұмысы сұлбасын нақты бейнелейді. Оның барысы жайында қоғамға тұрақты түрде ақпарат берілетін болады", - деп қосты ол.

Еске салайық, бұған дейін ҚР президенті Қасым-Жомарт Тоқаев саяси қуғын-сүргін құрбандарын ақтау үшін арнайы мемлекеттік комиссия құруды тапсырған болатын. 


stan.kz
Автор
Еркебұлан