«Қайран менің өз үйім»: қазақтың арманы неге қымбаттап барады?
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Абаев саяси кеңесте президент ауысады деген сыбыс туралы сұраққа жауап берді

Абаев саяси кеңесте президент ауысады деген сыбыс туралы сұраққа жауап берді

Әлеуметтік желіде 18 наурыз күні партияның саяси кеңесі отырысында мемлекет басшысы отставкаға кетуі мүмкін деген ақпарат тарап жатыр

НҰР-СҰЛТАН, 12 наурыз — Sputnik. Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев Nur Otan партиясы саяси кеңесінің отырысында президент ауысады деген қауесетті жоққа шығарды, деп хабарлайды  Sputnik Қазақстан тілшісі.

Әлемді коронавирус жайлап, алдын алу шараларын күшейтуге байланысты мәселемен бірге әлеуметтік желіде 18 наурыз күні президент ауысады деген сыбыс тарай бастады.

Мәжіліс кулуарында "Қазақстанда бейбіт жиналыстар ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы" заң жобасының таныстырылымынан кейін журналистер Дәурен Абаевтан саяси кеңестің күн тәртібінде қандай мәселе талқыланатын сұрады.

"Күн тәртібін қазір нақты айта алмаймын. Ал сіздер айтып тұрған әңгімеге келер болсақ, мен ақпарат министрі ретінде бұл сөзді жоққа шығарамын", - деді Абаев.

Тағы оқыңыз: Тоқаев билік қандай кемшілік жібергенін айтты

Бұған дейін Nur Otan партиясының төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев партия саяси кеңесінің отырысы 2020 жылдың 18 наурызында өтетінін жариялаған болатын.


sputniknews.kz

Автор
Нұрсұлтан