Атырау облысында Жангелдин ауылы тұрғындарының өліміне қатысты резонанс тудырған іс бойынша сот отырысы жалғасып жатыр. Сотта айыпталушы Сұлтан Сәрсемәлиев жауап беріп, тағылған айыптардың бір бөлігімен келіспейтінін мәлімдеді, деп хабарлайды kznews.kz.
Ол Наурыз Мұқанғалиевтің өліміне қатысты қасақана кісі өлтіру бабын мойындамай, оқиға абайсызда әрі өзін қорғау кезінде болғанын айтты. Ал қалған эпизодтар бойынша кінәсін толық немесе ішінара мойындады.
Айыпталушының сөзінше, ол Мақсот Қарабалинге тоғыз рет, Нәсіп Өтешқалиеваға сегіз рет, ал Мейрамгүл Қарабалинаға 32 рет пышақ жарақатын салған. Сондай-ақ ұрлық, алаяқтық және құжаттарды заңсыз иемдену баптары бойынша да кінәсін мойындады. Оның айтуынша, бұл әрекеттер қылмыстың ізін жасыру мақсатында жасалған.
Осылайша, 13 бап бойынша тағылған айыптардың ішінде Сәрсемәлиев тек Наурыз Мұқанғалиевтің өліміне қатысты қасақана әрекет жасағанын жоққа шығарып отыр.