Шоу-бизнес

869 млн теңге жымқырған: Елорда білім басқармасының басшылары күдікке ілінді

KZNEWS KZNEWS
869 млн теңге жымқырған: Елорда білім басқармасының басшылары күдікке ілінді

Нұр-Сұлтан қалалық білім басқармасының басшысы сыбайлас жемқорлық әрекет жасады деген күдікке ілінді. Бүгінде сот алды тергеу шаралары жүріп жатыр. Бұл туралы ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының бірінші орынбасары Олжас Бектенов мәлім етті.

"Нұр-Сұлтан қаласының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің басшысы Ш., "VSB TRADE & Advertising" ЖШС директоры О. "2020-2025 жылдарға арналған Қазақстан Республикасының білімі мен ғылымын дамыту" мемлекеттік бағдарламалары шеңберінде дағдарысқа қарсы іс-шараларға бөлінген жалпы сомасы 869 миллион теңгені құрайтын бюджет қаражатын ысырап етті деп күдіктелген. Олар Қазақстан Республикасы үкіметінің резерві есебінен ағымдағы қызметті жүзеге асырады", - деген ақпарат тарады. Бұл туралы stan.kz жазды.

Орталық коммуникациялар қызметінде онлайн өткен баспасөз мәслихатында Олжас Бектеновке тілші оқиғаға қатысты пікір білдірсеңіз деп өз сауалын жолдады.

"Нұр-Сұлтан қаласы білім басқармасының құрал-жабдықтарды жоғары бағамен сатып алу фактісі бойынша сот алды тергеудің тіркелгенін растаймын. Тиісті сараптама қорытындысы бар. Тергеу жұмысы жүріп жатыр, сондықтан оның нәтижесі туралы айтуға әлі ерте", - деп жауап берді Олжас Бектенов.

Ұқсас материалдар

Барлығы
KZNews.kz