Банктерде 52 триллион теңге бар: Тоқаев бұл қаржы енді экономикаға жұмыс істеуі керек деп санайды
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
ҚР, Астана қаласы, Әбікен Бектұров көшесі, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

85 мыңнан - 110 мың теңгеге: ең төменгі жалақы өсетін болды

85 мыңнан - 110 мың теңгеге: ең төменгі жалақы өсетін болды
Фото: ашық дереккөздерден

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев жаңа Жолдауында 1-қаңтардан бастап ең төменгі жалақыны 85 мыңнан 110 мың теңгеге көтеруді тапсырды.

Яғни, Жаңа жылдан шамамен 1,4 миллион адамның табысына қатысты қайта есептеу жүргізілмек.

Жалпы, Еңбек министрлігінің биылғы маусымда жариялаған мәліметі бойынша елімізде ең төменгі жалақы мөлшерінде немесе одан төмен табыс алатын азаматтардың саны шамамен 1,4 млн адам екені айтылған. Ал олардың 38 пайызын жастар құрайды екен

Сондай-ақ, Еңбек министрлігінің мәліметіне сәйкес, ең төменгі жалақы деңгейінде немесе одан төмен табыс алатындар ауыл шаруашылығында, өңдеуші өнеркәсіпте, көтерме және бөлшек саудада көбірек шоғырланған көрінеді.

Айтпақшы, Президент белгілеген 110 мың теңге қазіргі ең төменгі жалақыдан 25 мың теңгеге немесе 29,4 пайызға жоғары көрсеткіш. Яғни, ең төменгі жалақының 29,4 пайызға өсуі табысы аз азаматтарды қолдауға мүмкіндік береді деуге болады.

Автор
Қалмаханбет Мұқаметқали

Журналист-экономист. Журналистика саласында 33 жыл еңбек етуде. Еңбек жолын аудандық газетте бастап, республикалық басылымдарда басшылық қызметтер атқарған.