Серік Сәпиев пен Дәурен Есімханов қызметінен өз еркімен кетті
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

8 млрд 831 млн теңге: Алматының топ-5 жертелімдері қандай? - новости Казахстана

8 млрд 831 млн теңге: Алматының топ-5 жертелімдері қандай? - новости Казахстана

Оңтүстік астанада жердің әр шаршы метрі үлкен сұранысқа ие. Сатылымға қойылған жер телімдерінің бағасы қандай? krisha.kz сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ Алматының ең қымбат жер телімдер бестігін назарларыңызға ұсынады.

Коллаж:NUR.KZ

Ең қымбат бестікті Бостандық ауданындағы әл-Фараби - Розыбақиев көшелері қиылысында орналасқан жер телімі бастады. Оның құны 8 831 025 000 теңге.

Жер иесінің сөзінше, құжаттардың бәрі рәсімделген. Бұл жер жол бойында орналасқандықтан, коммерция үшін пайдалануға болады.

Фото:krisha.kz

Екінші орынға жайғасқан жер телімі 8 190 000 000 теңгеге бағаланған.

Ол Бостандық ауданындағы Асқартау ықшам ауданында орналасқан. Ауданы 26 гектар. Тұрғын үй кешенін тұрғызуға арналған жер.

Үшінші орында Алмалы ауданындағы Әуезов-Гоголь көшелерінің қиылысында орналасқан тоғыз гектарлық жер телімі тұр. Оның бағасы 7 326 000 000 теңге тұрады. Бұл жер де тұрғын үй кешенін тұрғызуға арналған.

Төртінші орынға жеті миллиард теңге тұратын 38 гектарлық жер телімі жайғасты. Ол Бостандық ауданындағы Алатау ықшам ауданында орналасқан.

Ең қымбат бестікті 6 200 000 000 теңгелік жер телімі аяқтайды. Ол Наурызбай ауданындағы Рахат ықшам ауданында орналасқан.

Көлемі 10,81 гектар. Хабарландыру авторының сөзінше, жер телімін тиімді шарттармен бөліп төлеу мүмкіндігі бар.

Фото:krisha.kz

Фото:krisha.kz


Дереккөз: kaz.nur.kz
Автор
Санжар