KZNews.kz
Шоу-бизнес

76 күндік карантиннен соң Қытай билігі Ухань қаласын ашты - Қазақстан жаңалықтары

Еркебұлан

Қытай билігі коронавирустың ошағына айналған Ухань қаласын ашты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Бұл туралы South China Morning Post басылымы жазыпты. 

Қала карантинге 76 күнге жабылыпты. 8 сәуірге қараған түні Қытай Уханьға баратын тас жолдардағы қоршауды алып тастаған. Қазір қала тұрғындары сау болса, олардың сыртқа шығуына рұқсат берілген. 

Ухань 23 қаңтардан бастап карантинге жабылған еді. Қалаға келіп-кететін барлық транспорттың түрлері, атап айтсақ, метро, көліктер мен кемелердің қозғалысы толығымен тоқтатылыпты. Әуежай мен теміржол бекеттерінің жұмысына да шектеу қойылған.  


Ухань тұрғындары: Коронавирустан шын мәнінде 42 мың адам көз жұмды, билік оны жасырып отыр


stan.kz
Еркебұлан
Журналист
Автордың басқа материалдары →