KZNEWS.KZ
Экономика

7 жылда - 70 пайыз: отандық экономиканың өсіміне не ықпал етті?

Фото: ашық дереккөздерден

Мысалы, белгілі экономист, "ФармМедИндустрия" қауымдастығының президенті Руслан Сұлтанов өз жазбасында елдің экономикалық дамуының негізгі нәтижелеріне талдау жасаған екен. Сарапшының пайымдауынша, ұлттық экономикадағы негізгі көрсеткіштердің бірі өндіріс көлемінің артуынан басталады екен. 

- Соңғы жеті жылда құрылыс көлемі 2,4 есе өсті. Өңдеу өнеркәсібінің өндірісі шамамен 42 пайызға артты. Сонымен қатар Қазақстан шетелге отандық өнімдерді көбірек сата бастады. Шағын және орта бизнес те едәуір кеңейді. Бүгінде елімізде 2,2 млн шағын және орта кәсіпкерлік субъектісі жұмыс істейді. Бұл салада 4,53 млн адам еңбек етеді. Яғни, кәсіпкерлік секторында Қазақстандағы барлық жұмыспен қамтылған азаматтардың жартысына жуығы жұмыс істейді, - дейді сарапшы Руслан Сұлтанов.

Экономист сонымен бірге шағын және орта бизнестің экономикадағы үлесі 40,9 пайызға жеткеніне тоқталып отыр. Яғни, елдің жалпы ішкі өнімінің шамамен 41 пайызы кәсіпкерлік саласына тиесілі.

Жалпы, осы кезеңде әлеуметтік көрсеткіштер де өзгерді. Соңғы жеті жылда ең төменгі жалақы екі есе өсіп, 85 мың теңгеге жетті. Ал ең төменгі зейнетақы мөлшері 69 мың теңгеге дейін ұлғайды.

Тағы бір маңызды көрсеткіш ретінде инвестицияны айтуға болады. 2019 - 2025 жылдары Қазақстан 155,7 млрд доллар тікелей шетелдік инвестиция тартты.

Тоқетерін айтқанда, өткен 7 жыл аралығында ел экономикасының ауқымы айтарлықтай кеңейіп, өндіріс көлемі мен инвестиция мөлшері артты. Сонымен қатар кәсіпкерліктің экономикадағы рөлі де күшейді. 

Қалмаханбет Мұқаметқали
Журналист-экономист. Журналистика саласында 33 жыл еңбек етуде. Еңбек жолын аудандық газетте бастап, республикалық басылымдарда басшылық қызметтер атқарған.
Автордың басқа материалдары →