1 сәуірден бастап коммуналдық қызмет тарифтері қанша өседі?
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

7 жастағы оқушыны өлгенше сабаған жаттықтырушыға қылмыстық іс қозғалды

7 жастағы оқушыны өлгенше сабаған жаттықтырушыға қылмыстық іс қозғалды

Әзербайжанның Сумгаит қаласында дзюдо және самбо жаттықтырушысы, Еуроойындардың қола жүлдегері Мехман Халилов жеті жасар спортшыны өлгенше сабап тастаған. Оқиға басқа балалардың көзінше болған, - деп хабарлайды Kznews.kz тілшісі.

Қаладағы танымал спортшы балаға қарсы қауіпті әдісті қолданған. Салдарынан жеті жастағы баланың мойыны сынған. Бала ауруханаға жеткізілді, дәрігерлер қолынан келгенін жасағанымен баланы аман алып қалу мүмкін болмаған.

Жантүршігерлік жайт спорт мектебіндегі бейнебақылау камерасына түсіп қалған. Видеода жаттықтырушы баланы теуіп, шашынан тартып келе жатқанын көруге болады.

Ескерту! Видеода азаптау кадрлары бар!

Халиловтың өзі ұсталды. Оған қатысты қылмыстық іс қозғалды.

Автор
Еркебұлан