Халықты жұмыспен қамту қағаз жүзінде ғана ма?
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

7 миллионға дәретхана қағазын сатып алған: Қазақстандағы бюджет шығынының жаға ұстатарлық фактілері

7 миллионға дәретхана қағазын сатып алған: Қазақстандағы бюджет шығынының жаға ұстатарлық фактілері
Фото: ЖИ

Қолында ақшасы барлардың миы өз қызметін тоқтатып, ойлау қабілетінен айырылатын сияқты. Әлде бар кезде жұмсап қалайық дей ме, әлде астамшылдықтың дегенді білмей ме? Қызық, әйтеуір түсініп болмадық. Мемлекет ақша бөлді екен деп беталды жұмсап, болмайтын дүниелерді адам шошитын бағаларға ала беру кімге пайдасын тигізіп жатыр екен, ә? Әлде бөлінген қаржыны өле жеп қалудың жолы ма? 

Күні кеше  Мұхтар Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінде 200 мың теңгенің креслосын 20 миллионға сатып алғаны белгілі болды, деп хабарлайды kznews.kz. 

Қаржы мониторингінің тексерісі бойынша  күдіктілер мемлекеттік сатып алу бойынша жалған келісім-шарттар жасаған, онымен қоймай тауарлар іс жүзінде жеткізілмеген немесе олардың бағасы жасанды түрде көтерілген. Қатысы барлар айран ішкеніміз құтылып кетсек, шелек жалағандары тұтылады деп жоспарласа керек. Періштенің алтын көрсе жолдан таятынын білеміз-ау, бірақ осылай қол салып, бір салғанда мол салып, ақшаға жерік жемқорлардың ісінен кейін басшы атаулыға сенуден қаласың. Бір құмалақ қашан да бір қарын майды шірітетіні бар ғой.

Екі миллионға “алтынмен апталған” кресло алған жағдайдан бөлек, естісең есеңгіреп қалатын мемлекеттік жұмыста отырған ессіздердің әрекеті аз емес. Мәселен, 2023 жылы Текелі қаласының Мәдениет үйі мемлекеттік сатып алу порталында PlayStation 5 ойын консольін 600 000 теңгеге алуға тендер жариялаған. Ал бұл ойын затының бағасы ең көп дегенде 200-300000 теңгенің шамасында ғана. Бұл бергі жағы, сол жылы Солтүстік Қазақстан облысының Петропавлдағы IT лицейі бес волейбол добы үшін 300 000 теңгеден тұратын тендер жариялаған. Әрқайсысы 60 мың теңгеден тұратын допты көріп пе едіңіз? Неден жасалыпты өзі? Біз білмейтін сиқыры бар ма екен деп қаласың. Матрас пен швабраның құнын 3 миллионға бағалағандар да жоқ емес. Жағамызды ұстадық. Көрсең күлкің келеді. Бірақ Семей медицина университетінің филиалы нарықтың бағадан құны артығырақ ақшаға осындай дүние сатып алуды көздеген. Маңғыстау облысының әкімдігі 11 570 орам (әрқайсы 12 рулон) дәретхана қағазын 7 000 000 теңгеге сатып алуға тендер жариялаған. Мыналар әжетхана қағазының өзіне зор құрметпен, ерекше ілтипатпен қарайтынын көрдік. Мұндай бағаға қағаз алсаң, оны пайдалануға да қимайтын шығарсың. Айтудың өзі ұят. Бірақ асап-асап жемекке бел байлаған адам жолын да, басқасын да табады. Оған еш таңғалатыны жоқ.

2025 жылдың соңғы бес айында осындай сатып алу саласында тауарлардың бағасы нарықтық бағадан 29 млрд теңгеге дейін қымбат көрсетілгені анықталды. Бірақ, ең өкініштісі, мемлекетке оның тек 6,4 миллиард теңгесі қайтқан. Қалғаны қалталарында кетті. 

Әрине, бюджет қаражатының айтарлықтай бөлігі қоғамдық қызметтерге, білімге, медицинаға, инфрақұрылымға жұмсалуы қажет екенін ешкім жоққа шығармайды. Онымен таласымызда жоқ. Бірақ биліктемін деп осындай басынғандарды, сосын қылмыстан соң басын ала қашатындарды құрту керек шығар. Олардың қалтасына кеткен ақшаға қаншама халықтың жыртығын жамап, жоғын түгендеп беруге болушы еді. Бірін арнайы органдар дер кезінде анықтап үлгеріп жатыр, бірақ білмей жатқанымыз қаншама? 

Автор
Айжан Сыланова

2023 жылдан бастап Kznews.kz сайтында тілші қызметін атқарады. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі. Аймақтық және интернет-басылымдарда еңбек өтілі бар.