6,6 млрд юань: Қазақстан "панда-облигация" нарығында рекорд орнатты
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

6,6 млрд юань: Қазақстан "панда-облигация" нарығында рекорд орнатты

6,6 млрд юань: Қазақстан "панда-облигация" нарығында рекорд орнатты
Фото: AI көмегімен жасалған.

"Қазақстан Қытайдың банкаралық облигациялар нарығында жалпы көлемі 6,6 млрд юаньға, яғни шамамен 983 млн долларға тең "панда-облигацияларды" орналастырды" деп хабарлайды China Daily.

Басылымының жазуынша, бұл Орталық Азия елдері арасында бір реттік орналастыру көлемі бойынша ең жоғары көрсеткіш екен. Жалпы, облигациялар екі траншпен шығарылды. Оның ішінде 5 млрд юань көлеміндегі үш жылдық облигациялардың жылдық мөлшерлемесі 1,82 пайызды, ал 1,6 млрд юань көлеміндегі бес жылдық облигациялардың мөлшерлемесі 1,95 пайызды құрады.

Мәміленің негізгі ұйымдастырушысы және букраннері China International Capital Corp болды. Сондай-ақ, Industrial and Commercial Bank of China, China Construction Bank, Bank of China және Export-Import Bank of China бірлескен ұйымдастырушылар әрі букраннерлер ретінде қатысты. Қазақстан тарапынан мәміленің жалғыз жергілікті менеджері Teniz Capital Investment Banking компаниясы болды.

Бұл - Қазақстанның Қытай нарығына қайта қадам басуы. Мамыр айында еліміз жалпы көлемі 3,4 млрд юань болатын алғашқы тәуелсіз "панда-облигацияларын" орналастырған еді. Осылайша, екі мәміленің жиынтық көлемі 10 млрд юаньға жетті.

Айтпақшы, "панда облигациялар" шетелдік эмитенттердің Қытайдың ішкі нарығында юаньмен шығаратын облигациялары екен Қазақстан үшін мұндай құралды пайдалану қаржыландыру көздерін әртараптандыруға және Қытайдың капитал нарығына тікелей шығуға мүмкіндік береді.

Мәміле екі ел арасындағы қаржылық ынтымақтастықты тереңдетіп қана қоймай, Қазақстан мен Қытай капитал нарықтарының байланысын күшейтуге және юаньның халықаралық қаржы нарығындағы рөлін арттыруға ықпал етеді.

Bank of China өкілдерінің пікірінше, Қазақстанның ірі көлемдегі облигацияларды сәтті орналастыруы Қытай капитал нарығының шетел мемлекеттері үшін тәуелсіз қаржыландыру көзі ретіндегі тартымдылығын көрсетеді.

Сонымен қатар бұл юаньның халықаралық қаржыландыру валютасы ретіндегі маңызын арттыруға ықпал етеді.

Автор
Қалмаханбет Мұқаметқали

Қалмаханбет Мұқаметқали, журналист. І.Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің түлегі. Журналистикада 33 жыл еңбек етуде. Еңбек жолын аудандық газетте бастап, республикалық басылымдарда басшылық қызметтер атқарған.